Posted in

ДҮЛЕЙ КҮШ

Сұрапыл көзсіз күш; ырыққа көнбейтін сезім. ~ Сосын мынау омырауын өрт боп жалап жатқан дүлей күш сағыммен араласып, самсай шапқылайтын көп құралайға айналады. Ә.Кек. ~ Әнеукүнгі сөзімді жеткізбеп пе едің? – деді Ақан көзіне қан толған дүлей күшке төтеп бере алмай. Р.Мұқ. ~ Бір жағынан шабына қол тимеген биенің қытығын қашырамын, келесіде – дүлей күші мен жыны бір басына жетіп артылатын Сейілбектің ашуын басамын деп шаршаймын. Д.Дос. * Арнасынан шыққан тасқындай лақ еткен дүлей күш қара көпір жіксіз тұтасып, жылдам жылжып барады. С.Жүн.