Өркөкірек, бос кеуде. * Қол арбасының жетек сабына сүйеніп, аз-кем аялдай беріп еді, кеудесіне нан піскен саудагердің бірі құйрығынан бір теуіп: «Былай жүр», – деді оған. Сөйтті де, дікеңдеп әлденені бұйыра бастады. Ол, әне, мықшыңдап дүм кеуде саудагердің тауарын тасуға кірісті. Д.Қуат. * … жар мінезді, өзгелерге дігір салып, тықсыра жұмсайтын дүм кеуде Ықылас балғын Омарға жымың ете сынай қарады. Ə. Байбол.
