Отырды, жайғасты, аптығын басты. ~ Қаруды теріс ұстаған қалпы, есік жақтағы шеткі орындықта жартылай ғана дүм басып, сенімсіз отырған күйеуінің алақанына тоса берді. Ә.Тар. * Осындай қарбалас сәтте ата залдан шығып кетіпті. Бір жас жігіт түйетауықтай қойтаңдап келіп, «көздеріңді жұмыңдар. Сөмкелеріңді жерге тастаңдар» деп бұйрық етті. Орындыққа дүмін басып отырғандар тегіс бұйрыққа бағынды. А.Рақыш. * Ә, батыр, енді қолға мықтап түстің. Енді құтыла алмайсың. — Жоқ, қолға түскен жоқпын. Өзім іздеп келдім. — Сене қоярмын, сенің сөзіңе.— Ол менің жаныма келіп дүмін басты. Б.Қыд.
