Күйбең тірлік деңгейінен аспайтын әңгіме, кеп. ~ Меккеден келген соң, «дүние сөзін сөйлемеймін» деп, ешбір жанмен тіл қатпай қойып, оңаша үйде, шымылдықтың ішінде жалғыз отырып, құдайға құлшылық қылуда болған. Т.Жұр. ~ Құнанбай қабағын түйiп, тiксiне қарады да, жүрiсiнен бөгелiп қалды. – Мен дүние сөзiнен аулақ кетiп бара жатқан жанмын. Арызың болса, менен өзгеге айтпаушымең? – деген едi. М.Әу. ~ Бибінің обалына қалма. Ол мұндай дүние сөзін сөйлемейді, – деді Демежан. – Демек, Тұрысбектің қонып кеткені рас қой? Қ.Жұм.
