Қиын-қыстау заман туды. * Жұт жеті ағайынды болмай тұрсын ба? Отын қабат таусылды. Дүние тарылды. Ел тарықты,
састы, қысылды — қай ауылды алсаң да қалт-құлт. Ж.Айм. ~ — Қызыр көрінбейді. Көрінсе жарылқап кетеді. Менің
көрінгенім неге сеп? Тарықпа, шырағым. Тарықсаң дүние тарылады. Кең көңілге тар дүние кең. Ғ.Мұст. ~ Уа, жарандар!
—деген Тайшық хан.— Сөзіме құлақ салыңдар. Бүгін бір жаман түс көрдім. Мына жарық дүние тарылып, тарының қауызына
сиярдай күн туған екен деймін. А.Сей. ~ Бұл дүние тарылып бара жатыр- ау, бауырым. Қайда барып сияр екенбіз? – деп көкірегін
қарс айыра күрсінді. Қ.Жұм.
