Салыстыру, теңеу: тура бір, құдды бір, бейне бір. * Дәл бір, бір қора мейман келетін тәрізді. Т.Сәук. ~ Сол кезеңде Шәйінің жанашыры Жүзік қана емес, Айгүн де болды. Ол абысыны атына сай айы мен күніндей, дәл бір сіңлісіндей қормалы болды. Сөзін де бағып, қабағын да бағып, қисынсыз бір сөз айтпай, келеңсіз бір қылық көрсетпей өтті. Б.Нұр. ~ Кірді де, ойын бөліп қойдым ба дегендей, дәл бір кінәлі адамдай отырған ұлына сәл көз қиығын тастап, Зияштың төсегіне келіп, оның кекілін сипап тұр. М.Мақ.
