Айтқаны тура келді. ~ Айтып отырғаның ып–рас, – деді Байдәулет өзінің ішкі ойымен Бәйтен сөзінің дәл келгеніне қатты қуанып. Т.Әбд. ~ Өзім де Сыздықтан көп үміттімін. Өзге балаларым бір төбе де, Сыздығым бір төбе. Ал күлген себебім: Абылай атамның түсін жорыған Бұқар жыраудың сөзі есіме түсіп кетті. Сенің Сыздықты көкжал бөрі болады дегенін сол кісінің айтқанына дәл келіп тұр… І.Ес.
Шақ келді, құйып қойғандай. ~ Мастың бір туфлиін шешіп алды да, оған өз туфлиін кигізді« Құйып қойғандай бір размер екен. Дәл келе кетті. Екінші аяқты ауыстырып үлгермеді. Б.Соқ.