Жүрегі дауаламады; батылы бармады. ~ «Апатайлаған!» Ақбілектің, одан мылтықтың дауысын, аттың дүбірін есіткен соң, дәтім шыдамай, не де болса, қолында өлейін деп қуып бердім. Ж.Айм. ~ Дыбыс шыққан жаққа барып, жөнін білуге де дәтім шыдамады М.Әу. ~ Енді бұл ауылда отыра беруге Ұлпанның дәті шыдамады. Түс ауа еліне жүріп кетті. Ғ.Мүс. Соғыс пен боран қанша қасарысса да мыңбұлақтықтар киіз үйдің шаңырағын отқа жағуға дәті шыдамаған. Ш.Мұрт. ~ Бұдан әрі тұруға мұның дәті шыдамады. Көзіне толып келе жатқан ыстық жасын сүртпестен ашық қақпаға қарай бет алған. С.Дәут. ~ Ақбілек жеңешесінің артынан еріп, сызылып келіп төменірек отырды. Тура қарауға дәті шыдамай, төмен қарады. Ж.Айм.
