Posted in

ДӘТІҢ ҚАЛАЙ БАРДЫ

Ұятың қалай жетті д.м.~ Әй, Айқан! – Атасының дәл қазіргідей ащы дауысын бала еш уақытта естіген емес. – Ойбай, сен нені мезгейсің?! Дәтің қалай барады, қалай?! Н.Дәу. ~ Жарайды, бір ерегіспен, не бір балалық түсінбестікпен, тіпті ештеңеге тұрмайтын өшпенділікпен сендер Назымды жазалағыларың келген шығар, бірақ өздеріңе де сүйкімді, өздеріңді де мәз ететін оның әдемілігін, сұлулығын масқаралауға қалай дәттерің барды? І.Ес. ~ Ай ш а а п а. Мәмбет, Сабырға қол жұмсауға қалай дәтің барды. Ш.Айт. ~ Ал енді төсегіңді дұрыстап салып, кейлегіңді шеш,– деді оған. Іңкәр–Бегім таңдана, үрке көз тастады. – Осыншама оқиғадан кейін, қалай дәтің барады?–деді ол шошына. І.Ес.