Posted in

ДӘУ ДЕ БОЛСА

Сірә; мен білсем; болжамым дұрыс болса. * «Қатын иттердің біреуі ме? Жоқ, əлде өзіміздің жолдастар ма? Бір түнге қуығы
жарылып бара ма екен? Дəу де болса, Шелекбай ғой. Қуығының майы кеткен бір ит ол. Қайдан ерттім соны?» – деп
зығырданды. Ж.Айм. * Анау-мынау дегенше автомашина да шаңын сүйретіп кеп қалды. Қорап толы шүпірлеген ығы-жығы
адам. Жарқылдаған күректеріне қарағанда дәу де болса сушылар. М.Қаб. * Дәулет тебініп қап, атын үсті-үстіне қамшылап
орманға төтелеп шапты. «Дәу де болса, адам. Өзге не дейсің? Бірақ мылтық атылған жоқ еді ғой. Жәйден-жәй осынша
үрікпейтін шығар?..» М.Сүнд. * Дәу де болса маған арналған болар деп ақ мамық халатты иығыма іліп, ас бөлмесінің есігін
аштым. Сол бұрыштан әдемі тамақ иісі шығады. Қ.Жиен. ~ Есеке, осы кісі дәу де болса машина сұрай келіп отыр, бер де
құтыл! — деп көз қысты. — Еру боп жататын уақыт жоқ, апарып тастайды да кайтады. Қ.Ысқ. ~ Дәу де болса, бізге жала
жапқалы Бойковтың пішенін өртеген Аралбайдың өзі деген пәтуаға келген. С.Ом.