Көңілге медеу қылды. * Таңдайын жібітіп отыратын, «бір бие бұлақтың басы, екі бие елдің асы» деп дәтке қуат қылатын. Ж.Айм. * Әйтеуір, аман қалдың, ақыры қайырлы болсын! – деп келгендер көңіл білдіріп жатыр. Байбақ соның өзін дәтке қуат қылғандай, риза болып басын изейді. Т.Әбд. * Шырақшы Арыстанбаптың атын атағанда тіпті зәресі ұшты. Бір түйір шүбә қылған жоқ. Жарықтық әулие… көкірегіне сол салған ғой… Соны ғана дәтке қуат еткендей еді. З.Шүк. * Атаман Дутовтан аман құтылу қиын. Дәтке қуат қылатыны: Ознобиннің шолақ қол баласы. Ірә бір ажалына көрініп қан тартып тұрмаса, талай соғысты басынан кешкен тәжірибелі жауынгер бұл жолы да бір тәсіл тауып, адамдарын аман алып шығар деген үмітте. Ә.Нұрп. ~ Қазақта Құтты Ерлер құрып кеткен жоқ, «Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» дегендей мұндай ерлер ел ішінде аз да болса – бар. Дәтке қуат – соңғы кездері олар аздап болса да билікке келуде. Бұл да – оң нышан. Е.Төл.
