Бір-бірінен айнымайды. * Өкініші орынды. Оған не айтарсың? Бұл орайда Алмас пен Илонаның тағдыры егіз қозыдай ұқсас екен. С.Омар. * Үлкен жолдан аулақ жатқан ну орман ішіндегі бұл селоның үйлері біріне-бірі егіз қозыдай ұқсас: теп-тегіс бөренеден салған, бәрі де шаршы келген … Х.Есенж. * Бір-біріне егіз қозыдай ұқсас, бедеу күндер баяу жылжып өтіп жатты. Қ.Жұмад. ~ Мұндай да егіз қозыдай ұқсас жағдай болады екен ғой,– деп естірте күбірлейді дәрігер.– Нақ сондағы менің ұлымның ауруы. Асқынған жараның салдарынан асқазаны тесілген. М.Әбд.
