Posted in

ЕГІЗ ТАМШЫДАЙ

Айнымайды, дәп сондай. ~ Жаңғақ ағашынан жасалған үлкен үстел, қапталдағы қос кресло, үстелге иін тіресе қойылған былғары тысты орындық, оң қабырғадағы айналы кітап сөресі, шкаф алдында тұрған манағы мәртебелі сәулетші – айпара кең бөлмеде ертегідегі қаңбақ шалға егіз тамшыдай ұқсады. Д.Дос. ~ Астана құрылысы Есіл өзенінің екі жағалауындағы ми батпақ, басқан аяғың сазға бататын, жер асты суы тым жақын сусымалы сахараға салынып жатыр. Қаланың салыну үлгісі Куала–Лумпур, Манилаға егіз тамшыдай ұқсайды. Д.Дос.