Posted in

ЕГІЛ-ТЕГІЛ ЖЫЛАДЫ (ЕҢІРЕДІ)

Көз жасы көлдей ақты. * Құдай сақтасын! Не көрініпті сонша бізге. Өлсек өзімізбен кетер. Қыңқ демейміз… Кеше Ыраш егіл-тегіл жылап келді. Шалын жамандайды да баяғы. М.Сүн. * «Көкем деп енді мені… ау…у, кім айтады-ай»,- деп Жексен қарт аңырата бітіргенде, Жәзира да өзінің манадан егіл-тегіл жылап отырғанын енді аңдады. М.Сүн. * Шаштарын жұлып, беттерін тырнап боздаған ана, егіл-тегіл еңіреген бала, үй-үйдің қасында жоқтау айтып топтанған қатын-қалаш, көзінің жасын сүртіп күрсінген шалдар, ашулы көздері оттай жайнап кіжінген жігіттер. І.Ес.