Бір-біріне қатты ұқсайды, сойып, қаптап қойғандай. * Е, несі бар,— деді әжесі де жаңа естігендей болып,— екеуі де жастайынан бірге өскен, егіздің сыңарындай, бір қыздың қос бұрымындай балалар емес пе? Жарап жатыр, бір-біріне тең. С.Жүніс. * Шатырын қызыл қышпен жапқан егіздің сыңарындай біркелкі ағаш үйлердің қора-қопсысы көш жерде: ауланың көркіне бола егілген жабайы алманың шешегі енді ғана күшіктей бастапты. Қ.Ысқ. * Ол елдiң де тiршiлiк-тынысы осы көрiнiске, өз елiне егiздiң сыңарындай ұқсас-ты… К.Сег.
