Posted in

ЕКІ АТТАП, БІР ТОҚТАДЫ

Жүрісі өнбеді, кідіре берді, алға баспай қойды. * Жүздерi нарттай жанып, бусанып тұр. Буындарынан әл кеткендей ерiне басып, екi аттап, бiр тоқтайды. Т.Сәу. * Сол шіріген тұяқтарын қаттырақ басуға қорғанып, бейшара қойлар шетінен қиралаң қағады, бастары қақшаңдап, екі аттап, бір тоқтайды. Д.Әш. * Отын қора жақтан кемпір жарты шелек көмірді екі аттап, бір тоқтап, шайқалақтап әзер көтеріп келе жатса, ол жоқ мықынын таянып көкке қарап тұрады. Т.Сәу.