Ә дегенше қуып жетті. ~ Мылтық тарс етті. Жұрт серпіліп “Ой-бай!” десті қатындар. Боранбай жалаңаяқ тұра қашты қарменен. Тапаншасын кезеніп, өкшелеп қуып берді Нұрила. Жүйрік екен, қыз да болса Боранбайды екі аттаттырмай жетіп, тапаншамен ұрды көк желкеден. С.Ел. ~ Жүгіріп барды да ешкінің құйрығындай шолтиған бұрымынан тартып қалып, тысқа қарай зытты. Қыз бас салып қуды. Желаяқ екен, екі аттатпады. Н.Сер.
