Бетінің қаны тамғандай, қып-қызыл. * Екі беті шиқандай, Дәл қораздай қойқаңдай, Басып, жаншып, қиратып Ілгері шығып ентігіп, Қызарып, ісіп, бір тынып, Едірей мұртын ширатып, Барқылдады қолбасы. М.Жұм. * Бір кезде екі көзі мөлдір қара, беті шиқандай қызыл, үріп ауызға салғандай бала еді. Б.Майл. * Малтабар екі беті шиқандай жап-жас, сақал-мұрттары қап-қара … С.Мұқ. * Дұп-дұрыс айтады-ей! Дәл мен сияқты екен ғой… – Құланбай екі иығы селкілдеп, екі беті шиқандай қызарып лекіте күлді. Т.Сәу.
