Posted in

ЕКІ БЕТІ (ӨҢІ) НАРТТАЙ ЖАНДЫ

Қып-қызыл боп кетті. ~ «Не болса да өздерiң шешiңдер!» дегендей Бораш ақсақалдарға қарап, бiр тiзерлеп отырған. Нартайлақ болса екi бетi нарттай жанып, көпшiлiктен шешiм күтiп, теңселiп ортада жүр. К.Сег. ~ Қымызы көкірегіңді шайдай ашып, Кетеді екі бетің нарттай жанып. Т.Әл. ~ Махамбеттің екі көзі үрлеген шоқ секілді жанып тұр. Өңі нарттай қызарып, мұртын ширата береді. М.Әбд.