Ұяттан қатты қызарып кетті. ~ Құлтайдың екі беті ду етіп, ыстық қаны басына ойнап шыға келді. Кеуде тұсы қатты- қатты соғып қоя берді. С.Ас. * … бірге өскен Бәтиманы ар жетіп әйелдікке алу деген сұмдық пиғылдан екі бетім ду-ду етіп, қанымды сыртқа тепкен сол ұят сезімімді баса алмай-ақ қойдым. Т.Әбд. ~ «Саған Саламат өз жігітшілігін айтқан- ау. Неткен имансыз еді»,— деп Айжан жаси жүзін төмен салды. Екі беті ду етіп, құлағына дейін шымырлай қызарып бара жатқанын
сезінді. М.Сүн. ~ Сөз арты салмақты емес. Мына көздің қиығы соны байқатады. Екі беті ду етті. Сәкеннің сөздері есіне түсе кетті. Нақ осы бір ойды ол мына секретарьмен келісіп барып айтқан сияқты. Қ.Тұрс.
