Әлдебір іске жанын салып кірісті. ~ Күні бойы жүргенім төрт-бес шақырымдай, Қарға адым жер қозғалып, бір дем алам. Бұған жүріс өне ме? Екі етекті беліме түріп алып, аршындап тарта беруге әл жоқ. Б.Соқ. ~ …сақал-мұртты інішектің аузының салымы бар екен, қалың құм арасында оңаша қалғасын қойсын ба», — деп тырқ-тырқ күлді. Тоқ етері, малды ауыл үлкен күтіну, игі тілек үстінде; екі етекті белге түріп, білек сыбанып отыр. М.Қаб. ~ Мемлекет мүлкін талан-тараж етті» деген ауыр-ауыр айыптар бар. «Жазған құлда жазық жоқ» дегендей, екі етекті белге түріп алып, мен жөнелдім ол хатты тексеруге. Ә.Нұрш. ~ Әп бәрекелде! Ертең Алшағыр екеуің екі етекті белге түріп, қи оясыңдар. Күректеріңді жата-жастана қылпылдатып қайрап қоямын. Ертең қас қарайғанша қиды ойып бітірмесек, күн қараң. М.Қаб.
