Posted in

ЕКІ ЖАҚТАДЫ

Екеулеп әрекет етті; бірлесе амал қылды; қосарлана сөйледі.* Әкем мен шешем екі жақтап жылап, тіпті тырп еткізбеді. С.Мұратб. * Екі жақтап тураған соң жаңағы үйіліп тұрған еттің әп-сәтте апа-сапасы шықты. К.Қазыб. * Екі жақтап жүріп арқанның ұшын таптық, – деді бір күні… Қ.Мүбар.* Сұрақшы мен Мамозы екі жақтап, сөзін ерге бастырмай отырса да, қыры сынбай, қайта ішінен өзі де аңдамаған анық бір өршіл намыс қоздады. Ж.Ахм.