а) Алқына дем алды, ентікт, қинала дем алды. ~ Осылайша екі- үш балдан тартылды. Көкем ентігіп, екі иығынан дем ала бастады. Б.Мом. ~ Содан да тық- тық жөтеліп, аурудан бір шықпайды. Әне, көрдіңіздер ғой, екі иығынан дем алып, шиқылдап болды да қалды. С.Смат. ~ Ақ шалбарлы қыз бөлме ортасында толқын ұрған талдай теңселіп билеп тұрды. Маңдайы жіпсіп, екі иығынан дем алады. С.Елуб.
ә). Ашу қысты. ~ Қытай шеріктеріне жол бастатып, Ластай шатқалындағы “құйыршықтарға” жорық жасайды екен. Әуеден айроплан шүйілетін көрінеді… – деді отағасы екі иығынан дем ала, қылғынып қойып. Т.Рыск. ~ Атқан оқтай суылдап Сұңқар келдi. Көзi қанталап, екi иығынан дем алып отыр. М.Қан.
б) Сарқ-сұрқ қайнады. ~ Соның арасында екі иығынан демін алып самаурын да дайын бола қалады. С.Асыл.
