Posted in

ЕКІ ИЫҒЫНА ЕКІ КІСІ МІНГЕНДЕЙ

Ер тұлғалы, зор денелі. * Ол ел билеуге бола жаратылған жан ғой. Оның келбеті қандай! Екі иығына екі кісі мінгендей, бойы еңгезердей, күмістен шапқан, айбатты арыстандай, а дегеннен көзге түсетін адам. Ж.Айм. * Бір кезде атақты батыр Ақберді бүгіндері сексеннің бел ортасындағы аппақ қудай ақсақал, бір кезде екі иығына екі адам мінгендей қапсағай дене бүгінде шөгіңкі … Ә.Тар. * Омартадан жаңа алынған балдай қою сары қымызды көтере сапырып, шойындай мығым денелі, екі иығына екі кісі мінгендей отағасы Сейіттің өзі отыр. Т.Рыск.