Әлдеқайда үлкен, бойлы; алпамсадай. ~ Қайда менің батям? — деп гүрілдек дауысты, Бауыржанның өзін екі орап алғандай алпамса денелі, ұзын мұртты әлде біреу ырғаң-ырғаң басып, есікті айқара ашып тастап ішке қарай кіріп келе жатты. Ә.Нұрш. ~ Иә, Саматжан, аманбысың? Өзің соқталдай жігіт болыпсың ғой! Бәлі, бойын қара, мені екі орап алғандай… Әскерден біржола босадың ба? Б.Тоғ.
