Posted in

ЕКІ ОРАП КЕТЕДІ

Артықшылығы мол, көш ілгері. ~ Мұның сол СМУ- дің, не трестің маңында жай инженер болып жүре беруі де мүмкін еді. Өзін екі орап кететін кейбір жігіттер қазір де өндірісте, сол баяғы орындарынан ұзай алмай жүр. Қ.Жұм. ~ Бәйбішесі татар жұрағатынан еді, бар кемшілігі шек-қарынды аршымайтындығы болмаса, мінезі жағынан қазақтың қатындарын екі орап әкететін аса инабатты, әрі жантартқыш жан, бес биенің сабасындай бітімі де мол, пейлі одан да кең. Қ.Ысқ.