Posted in

ЕКІ СӨЗГЕ КЕЛМЕЙ (КЕЛМЕСТЕН)

Салған бетте, көп ойланбастан, әй-шәйге қарамастан. ~ Кәрі ұры: “Кезі келгенде, өтермін”, — деп серттеніп еді. Жақында соған Бақтығұл барған соң, екі сөзге келмей, тығулы жатқан қаруларын көп оғымен шығарып берген. М.Әу. ~Денесі қол тоқпақтай бола тұра, ол төбелескіш те, сабағыш та. Екі сөзге келмей кім көрінгеннің үстіне міне түседі де, жатып тұрып төмпештейді. С.Мұқ. * Қараторының келістісі, көзі жайнап, мөлдіреп тұр. Екі сөзге келместен алақанына бір сом салып, алдына тосты. Т.Сәу. * … қайдан танып жүргенін бір құдайдың өзі білсін, банктың бастығы болып шықты, екі сөзге келместен Бәйтенді мұғалімдер даярлайтын техникумға өзі жетелеп апарып, документтерін қабылдатқызды. Т.Әлім.