Сөзінің тиянағы жоқ, өтірікке бейім. * Әкемді құтқару жолын ойламай жүр деймісің? – деп Нұрия келе құшақтады мені. – Бірақ, Кәменді алдап әкемді босаттыру үшін сенің жолыңда екі сөзді болсам… кім деп аталар едім, ар-ұятым қайда қалар еді?… Сол иттің бақылауына шығып, жарық көргенше жата тұрсын, үйренген түрмесі ғой! Ә.Кек. * Мұның бәрі орнын тауып жатқан сөз бе? Оу, Исеке-ау, құрбылық наздың да реті, жөні деген жоқ па екен. «Сөзімді жұтқан» жерім кәні? Екі сөзді, алаяққа ғана сөйдемей ме? М.Сүн.
