Posted in

ЕЛІКТІҢ ЛАҒЫНДАЙ

Аса әдемі, сүйкімді. * Машина қыздың қасына кеп тоқтады. Қыз селк ете сескеніп, кейін шегінді. Еліктің лағындай мөлдіреп, үлпілдеп тұр. И.Жақ. * Мұрат қасына келіп, қолын соза бергенде, еліктің лағындай үркіп, жалт берді де, өрге қарай дедектей жөнелді. Т.Ахт. * Шешесінің дауысын есіткен қыз, шымылдықтың етегін көтеріп, еліктің лағындай бір-ақ ырғып сыртқа шықты. З.Шүк.