Posted in

ЕЛІК АУЫЗ БОЛДЫ

Үйлеспеді, қисыны келмеді. ~ Керегенің бас жағы үш көктіге екі көкті қабысып, айқасып жымдасып қосылады. Егерде үш көкті не екі көкті қатарласып келсе қабысып қиюласып қосылмай елік ауыз болып тұрып алады. Ол бос болады. Керегенің басымен үйдің мөлшерін анықтайды. 80, 90, 100 басты үйлер үлкен болады. Ег.Мұқам.