Posted in

ЕНШІГЕ БЕРДІ

Жаңадан үй құрған баласына бөліп берген мал-мүлік туралы. * Еншіге берер мал басқа, садақа болар мал басқа. Жинай берген қу байлық, шірімей ме жамбаста. К.Қаз. * Осы күнге дейінгі еңбегіме де риза шығарсың. Үйде ол-пұл дүниелерің бар. Ана, еншіге берген әкемнің қара пәуескесіне артарсың. С.Жүн. * Мақсұттар кішкене үйдің төріне шығып, еншіге берілген таза сырмаққа отырғанда көзінің шатынаңқы оты бар Осман есік жақта түрегеп тұрып қалған жас қалыңдыққа түсін жылытпастан, дүңгенше бірдеңе деп қаттырақ сөйлеп қалды. Ж.Ахм. * «Ақтауды айырып, қаратауды қайырып тұрған профессордың еншіге берген тайлақтай мынаны әй-шайы жоқ бұған жетелете салғаны қалай, ғалым қылам десе де, залым қылам десе де өз қолында емес пе?» Т.Сәу.