Posted in

ЕНШІ АЛДЫ (БЕРДІ, БӨЛДІ)

Жаңадан отау құрған жастарға тиесілі дүние-мүлкін бөліп беру, үй тігу. * Украинада ер жеткен балалары үйленген соң, әкесінен де, аға-інілерінен де бөлініп енші алып кетеді. А.Байт. * Сонымен той да бітті, халық тарқап, Жазылды Қоңыраттай дерттен аулақ. Аппақ қып екі үй тігіп, енші беріп, Көшірді ел-жұртымен, шығарып сап. “Бердіқожа б.” * Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасаумен ұзатады. Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне – мінгізген ат, арттырған түйе, тарттырған жасауына разы болмайды. “Ер Төстік”. * Хан бір күні баласын шақыртып алып, енші бөлді. Сексен нарға жүк артып, сексен күңі, құлы мен мүлкін бөліп берді. ҚЕ.