Қас батыр; текті азамат. Қайтпас қайсарлық, ерен ерлік хақында. ~ Әлсізді әлді алып, алдап-сулап, талап-тонап жатқан заманда Ертіс бойында ердің ері егеудің сынығы-ақ күн көреді. І.Жанс. ~ Қант та аппақ, тұз да аппақ. Бірақ екеуінің дәмі екі басқа. Осыларды айтпай танып, сұрамай білуге ердің ері, егеудің сынығы керек. БС. “Сөз өнері туралы”. * … альпинизм спорты екінің біріне ермек емес. Ердің ері – егеудің сынығы ғана тәкаппар тау қабырғасында қос тігуге жүрегі дауалайды. БАҚ ~ Кел, балам, қасыма мін, – деп арбасына мінгізіп алып, үйіне алып келіп, төрткүл ошақ қаздырып, ту бие сойдырып, төменгі елді шақырады. Ала бие сойдырып, аймақ елді шақырады. «Ердің ері, егеудің сынығы» деп баласы Үйсінді бас қылып, жүз жігіт қосып береді. Ж.Артықб.
