Posted in

ЕРДІҢ ҚҰНЫ

Кісі қолынан өлген азамат үшін төленетін ақы, салынатын айып-салық. ~ Қарғады мұны халық, азарлады, Әркім-ақ тұс-тұсынан бажаңдады: «Кесілсін ердің құны Құлагерге!..» «Тартатын тоғыз айып сазаң бар-ды!» І.Жанс. ~ Бір ердің құны қанша болады екен? — Абай айтпай ма: «алты жақсы, жүз жылқы болған құны» деп? Қазақта «ердің құны» деген сол екен ғой. С.Мұқ. ~ … Ердің құны әр жылы әр қалай бағаланған екен. Естеріне түсірісті. Бірақ, ердің құны екі мың қой деген кесікті есіткен адам табылмады. З.Шүк.

  1. Ер жігіттің абыройы, құны, бағасы. ~ Бұл ертегіге қосымша өлең мынау: Әділ бидің алдынан іс кетпейді, Жәбірлікті нәпсі үшін істетпейді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен ептеп, Абыройын кісінің еш төкпейді. А.Байт. ~ Халық арасындағы тіл құдай сала көрмесін, біздің қазақта абайламаса – сөз сүйектен өтеді, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешеді, айтылған сөз – атылған оқ еді. Ж.Аязб. ~ Ж і г і т А с а н. Ақсақал… мен…мен сізге серік бола алмайды екенмін… Мен нашар Асан болып шықтым. Ш а л А с а н. Жарайды…Екі қой ердің құны емес шығар. Маған ұялғандарың да жетеді. Қ.Ысқ.