Ер адам; ұл бала, жігіт, азамат. ~ Бала біткен аш, қол ұшын берер еркек кіндік – пәленше, төленше, деп саусақпен санарлық қана. Д.Дос. ~ Сендер де қолымыздан бірдеме келеді, еркек кіндікпіз деп отырсыңдар-ау, – деп жаңағы сөзге шамданып, аптығы басылмаған Нұртаза ырқ етіп күлді. С.Жүн. ~ Қарақалпақтар бір Жылқайдар емес, ауылындағы еркек кіндіктіні түгел бауыздапты. З.Шүк.
