Posted in

ЕРКЕ ТОТАЙ

Бұла өсіп, бетімен кеткен шолжаң. * Ерке тотай Торғынның өзі оның алдында жауыр аттай қайқаңдап тұрғаны. Ә.Кек. ~ О, өмір өзені!.. Бетінде қалқытып, толқыныңды тербермісің? Әлде ерке тотай балаңдай еркін жіберіп, маңдайыма жел, жауырыныма күн тигізбей өсірермісің? Жо… жоқ! М.Сүн. ~ Бөртпе тарыны қаймаққа шылап бергенде тұлданып, жей қоймайтын қайран да менің өтті– кетті ерке– тотай заманымды еске аламын, сөйтіп иесіз таудың азат бұғысындай бұлаңдап жүрген алтын басымның кім көрінгеннің жұдырық жұмсағанына душар болғанына налимын. К.Сег.