Posted in

ЕРКЕ БҰЛАҚ

Тау-тастың арасынан арнасын сан өзгертіп ағатын өзенше. * Жарқ етпей жанындағы асыл үміт, Жалт етпей жанарында жасы бұғып. Тотысы иесіз таудың ерке бұлақ Қалыпты мұз астында жасырынып. М.Мақ. * … басын тауға да, тасқа да соғып тулап ағар асау өзен, шүлдір- шүлдір, сылдыр- сылдыр ерке бұлақтар – бәрі де табиғат шебердің бір- біріне үндестіре, жымдастыра жасаған мінсіз туындысы. К.Сег.