Posted in

ЕРКЕ (ЕРКЕК) ШОРА

Ерлерше киініп, ер балаша жүріп-тұрып, еркін өскен қыз бала. * Өзімен бірге келіншегін де ала келді. Аты Бибі… Адам деуге аузың бармайды, шайтан тәрізді бір қуыршақ. Алматыдағы бір үлкен адамның үлде мен бүлдеге оранған, ерке шора қызы екен… І.Ес. ~ Ардақтың бой жетіп соқталанғанынан, ерке– шора шақтары әлдеқандай тыншу еді жандарына. О.Бөк. ~ Жалғыз– ақ, Көпей ғана бұрынғыдай еркек– шора. Үстінде — еркекше костюм. Аяғында — әйелдердің биік өкшелі кебіс– төплесі. Шашын еркекше қырықтырып тастаған. М.Дәу. ~ Сол еркек– шора асау қыз тағдырдың жазуымен күндердің күнінде маған әйел болады деп Демежан ол кезде ойлады ма екен?! Қайдағы… Тіпті үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Қ.Жұм. ~ Бибі мыңды айдаған байдың қызы саналғанымен, мұндай айна мұның өз ауылында да болған емес. Өз басы он беске келгенше еркек– шора болып жүрді де, айнаны тіпті қажетсінген жоқ. Қ.Жұм.