Posted in

ЕРНІНІҢ ЕМЕУРІНІ

Адамның ойының бет-пішініндегі көрінісі. ~ Ұрқияның «ернінің емеурінінен» оның ойын Ақбілек те біле қойды. Орыстардың не ғып жібергенін бұ да естігісі келеді екен деп ойлады. Ж.Айм. ~ Адамның ішіндегі қат- қабат сырларын ернінің емеурінінен танитын сұңғыла келіншек мұны шоласыз біліп отыр. С.Ом. ~ Ол қызды немен жұбатарын білмей көп қиналды: көмейіне жылы-жылы сөздер оралып еді, бірақ бәрі де ернінің емеурінінде іркіліп қалды… Қ.Ысқ.