Істеген ісі не сөзі, қылығы сөлекет шықты; оғаш көрінді. * Өз ойына өзі берілген Бәйтен «мынауым ерсі болды–ау» деп ойлаған жоқ. Ал жұртқа керемет ерсі көрінді. «Сұмдық – ай, Әбілдің қызын масқара қылды–ау, мынау», – деп күбірлесті бір–бірімен. Т.Әбд. * Сен оны айтасың, мен Викторымның жолына шыбын жанымды садаға етуге де бармын, – дедім. ─ Менің жаңағы сұрағым ерсі болды ғой, Елена! С.Ом.
