Posted in

ЕРНІ (АУЗЫ) АҚҚА ТИДІ

Жаз шығып, мал төлдеп, сүт өнімдері молайды. * Темiржол бойында жұмыс iстегелi берi ернi аққа тиiп көрмеген Төребайдың кеше Ержiгiттiң қалаға бара жатқанын естiп, соңғы жылдары тiрнектеп жинаған азын-аулақ тиын-тебенiне ешкi сатып алайық, балалардың ернi аққа тисiндеген өзi едi. Б.Алд. ~ Заман енді тыншыды ма, енді аузымыз аққа тиіп, құлағымыз жастыққа тиді ме деп едік. С.Досж. ~ Қыстық соғымның етімен ілдебайлап көктемге бір ілігіп алсақ, аузымыз аққа тиген соң ары қарай өлмейміз той, — деді жаңағы жұлма тымақ тағы да көптің атынан жауап беріп. Қ.Жұм.