Жыпылдап көп сөйледі. ~ Әлібек ерні – ерніне жұқпай шапшаң сөйлейтін шешен кісі еді. Аудитория бірден ұйыды. Тек қана менің көңілім бөлініп отыр. Н.Сер. ~ Тегін өсектің ішінен өзіңе қажеттісін ғана теріп алып үнсіз отыра бересің. Әй, қайдам, басқаны өсектегенде ерні-ерніне жұқпайтын мұндайлар бұның беті теріс айналса сыртынан талай өсекті борататын шығар. Ж.Шәк.
