Ел алдында масқарасын шығарып, жазаға тартты. * Қайсыбір жеңіл-желпі кінәні жазғырғанда, айыптыны өгізге, ұлы жүз, өзбек елдерінде есекке теріс қаратып отырғызып, бетін күйелеп, қарабет атандырып, ауыл-ауылдың көшелерінен масқаралап өткізу дәстүрі де болатын. С.Жүн.* Есебін тауып беріп, беріп қақпан бастырдым да шипасын бітіре қойдым. — Қалай, ей? — Не қалайы бар, орнынан алынып, қара есекке теріс қарап мінді де жайына кетті. Әнеки! Ж.Алтай. * Оларға кісі жақсын ба. Кісі түгілі, көзіне көрінсе, Құдайдың өзінен талай мін тауып, қара есекке теріс мінгізері айдан анық! Т.Сәук. * Бар қаупің, жаныңның жарасы — қыз тәнінің жарасы екен. Егер оған Ақан жазықты болса, ертең көк есекке теріс қаратып жіберсең, ренжімеймін. С.Жүн. * Діні қатты, еркек тұрпатты Ұмсындық қана екеуін жұбатып: «Болар іс болды. Енді қайтып барсақ, үшеумізді де қара есекке теріс мінгізіп, ел алдында масқара етеді. Әсіресе, сені, Салиха!» – деген. Ш.Құм.
