Байлыққа белшесінен батқан адамға қатысты кекесін. ~ Үсейін алыпсатар — есек құрты мұрнынан түсіп тұрған саудагер жатақ. Қылмайтын кәсібі жоқ. Артельдесіп Алтайдан кесілген ағашты Ертіспен ағызады. І.Жанс. ~ Балам, өздерің көрген шығарсыңдар, мен көрмеген байлықты, мен жимаған асылды жиып отыр. Үйі аузы-мұрнынан шығады. бірақ, балам қазақтың “мұрнынан есек құрты түсіп тұр” деген сөзін ұқпайды. С.Жүн. * Інім, Төлентай ғана ма, осы сұрақты сол кездегі сол Ботпай болысындағы ең мен тәуірмін, мұрнымнан есек құрты түсіп тұр деген белсенділер — Сартжан, Нұрлан, Нұрқалыққа берші, олар да жарытып ештеме айтпас еді. Б.Қыд.
