Posted in

ЕСКІНІҢ ЖҰРНАҒЫ

Баяғыдан келе жатқан ескі-құсқы. * Тыпаң міне жаңа бәтеңкесін көлденеңдетіп, екі аяғын айқастырып отыр ғой. Қарашұға шалбары да (ескінің жұрнағы ғой), қоңыр пенжегі де әлі сыны кете қойған жоқ, қайырма жаға тақталы көйлегіне қара шұбар галстук те тағып қойыпты. Ж.Айм. * Басында пұшпақ бөрік, үстінде шолақ шидем шекпен, аяғында саптама; бөктердегі жер кеппей тігілген жетім киіз үй сияқты шалдың сырт киімі де ескінің жұрнағын баяғыда жоғалтып алған бұл өңірге оғаштау, үші есімсіздеу көрінген. Қ.Ысқ.