Posted in

ЕСКІНІҢ (КӨНЕНІҢ) КӨЗІ

Көпті көрген, көне тарихтың, өткен күндердің куәсі болған зерделі қарт; қария адам. * Жарықтық, Жекең деген
ескінің көзі ғой. Алалығы жоқ аға, ақылгөй ұстазым емес пе?– деп қошеметтеді Көжектің жақын ағайыны Бейсен.
Т.Ахт. * Раушанның әкесі Тайжан қарт ел ішінде «ескінің көзі» атанған ескі заманды көрген, талай-талай қиын-
қыстау, тайғақ кешуді басынан өткізген, жасы алпыстан асса да өңін бермеген, жаурыны қақпақтай, балуан денелі
шал-ды. З.Шаш. * Салт-дәстүрімізді өте терең білетін әрі шебер таратып айтатын адамдар қатары да қазір сиреп
қалды ғой. Көненің көзі, көрнектінің өзі екеніңізге еш шүбә жоқ. Қ.Бегм.* Әйтсе де, қашанда би болып, ауыл үйдің
тірлігіне биіктен қарағысы келетін көненің көзінен де, сөзінен де ел ішіндегі рухани кедейлікке, ошақ басының тексіз де
кіршеңдігіне деген қарсылықтың, бітіспес жаулықтың Бекет те сезіп тұр. Қ.Ысқ.

  1. Ескі тұрмыстың қалдығы, күні өткен әдет-ғұрып. ~ Бір үйдің терезесіне төне беріп, кенет саған бұрылады: –
    Жоқ! Ауыл мұғалімінің бәрі осындай десек, мықты қателескен болар ек. Тамаша мұғалімдеріміз бар. Мынау бір
    ескінің көзіндей боп қалған “азғын” екен, архивке беру керек өзін! – дейді күліп. Б.Майл.
  2. Көнеден жеткен, көзге қымбат жәдігер, қымбат бұйым. * Талай кебежені көрдік қой. Оюланған. Шебер жасалған.
    Қазір бар-жоғын білмеймін. Бірен-саран қолданатындар бар шығар әлі де. Керемет дүние ғой егер сақтай білсек.
    Осылардың бәрі тек мұражайда ғана қалмаса екен деймін. Ескінің көзі. Кебежелерден әжелеріміздің иісі аңқитын…
    Қ.Бегм. * Інім, бүгіндері мен сол суретті ойлап, біріншіден біздің пұстыларымыз би билеген және біздің екі ішекті
    домбырамыз көненің көзі – көп қалықтардың шертпелі аспаптарының атасы дегім келеді. Б.Қыд.