Мына сөзді ешкім естімесін, ұят болады д.м. Орынсыз айтылған әбес сөз, арсыз әрекет, ұятқа қалдырар іс туралы. * Қарағым-ау, мынауың сұмдық қой. Қазақ болудан қалғанбыз ба? Естіген құлақтан ұят емес пе. К.Қаз. ~ Сөз бе екен сол да, ата жолы деген. Өзіңіз коммуниссіз, ұят емес пе, естіген құлақтан. — Әй, қойшы, сонда тұрған не бар. Сөйлей берсін…— деген әкесі, мән бермегенсіп. С.Мұр. ~ Не деп ұғуға болады, мұны? Тіпті естір құлаққа ұят, бұдан өткен даңғойлық бола ма? Мысалы өкпе ауруынан табылған құртты Кохтың құрты дейміз. Б.Қыд. ~ Екеуіңізге менің өнеге айтуым келіспейді де. Бірақ осыларыңыз ел-жұрт, естір құлақтан ұят емес пе?! Ә.Нұрш. ~ Отыз жыл отандасып, бір адамдай болып кетіп едің. Бөлініп кеткенің естір құлақтан ұят болады. Ең болмаса, биылша шыдашы, Күреңбай! С.Ом. * Қарағым-ау, мынауың сұмдық қой. Қазақ болудан қалғанбыз ба? Естіген құлақтан ұят емес пе. Анау іргеңде тұрған Балжан бәйбішенің аруағынан қорықсаңшы, – деп безілдеді шал. — Сенің емес, менің қонағым деші. К.Қаз. ~ Сөз бе екен сол да, ата жолы деген. Өзіңіз коммуниссіз, ұят емес пе, естіген құлақтан. — Әй, қойшы, сонда тұрған не бар. Сөйлей берсін…— деген әкесі, мән бермегенсіп. С.Мұр.
