Біреуден естігенімді айтып тұрмын, ол үшін айыптама д.м. ~ Ал шаштан сақалға, сақалдан мұртқа ауыссаң, дұшпаның тіптен көбейеді. Бірақ біз «естіген құлақта жазық жоқ» деп құтыламыз. Ал, «сен неге саңырау болмадың?! » деп жазғырса оған шара жоқ… Т.Әл. ~ Қарғадай болсаң да көзіңдегі қос үрейді көрген соң түңіліп, сұрықсыз сұм кепті баян қылдым. Естіген құлақта жазық жоқ. Бекіту үшін айттым. Мені аяма, өзіңді ойла. А.Кем. ~ Мақан жүз тайсақтатпады. Төменнен Балтаға қабағын тік серпе қадалды.
— Мен естігенімді айттым. Естіген құлақта жазық жоқ.
Хайролла қалшылдап кетті. С.См.
