Posted in

ЕСІНЕН АДАСТЫРДЫ (АЙЫРДЫ)

Есін шығарды; ақылдан айырды; жынды қылды. * Қайткенде де мына сайқымазақтыққа ол кінәлі емес, бар пәле ана талғамсыз, қуыс кеуде бейшараларда. Бұлар кімді болса да есінен адастырып, есіртіп жібереді. Дж.Сэл. ~ Сүйегінен өтіп бара жатқан түнгі ызғар есінен адастырмаса қайтсін. Ә.Кек. ~ Аштық бала тұрмақ үлкенді де есінен адастырады. Т.Ахт. ~ Әне сол құдыретты жаратушының қаﮬары оңай емес екен. Біріне-бірін өлтіртіп, батырды есінен айырып торғай тозын шығармады ма? Б.Жұм.