Ақылмен әрекет етуден қалды. * Құдай-ау, мына тұрған біздікіне келместен, есінен айырылған сорлы Күмсінайдікінен не алғалы қонып жүр екен? — деп саңқылдап келеді. Ж.Айм. * Суға батып есінен айрылған адамдарша бір–бірімізді ұстай кеткеннен не түспек? Т.Әбд. * Әңгүдік албасты! Балаларды оятар ма екен. ─Бригадир болам деп, бишара азғантай есінен айрылып қапты. Т.Әбд. * К ү л ә ш. Оған не деп өкпелесең де, өкпең сияқты. Есінен неге айырылып жүр өзі? М.Әу. * Жоқ, бұл адам емес, перінің қызы! Ертегіде кездесетін бір көрген адам есінен айырыла ғашық болып қалатын нағыз аққу бейнесіндегі перінің қызы! І.Ес.
